«Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен

15.04.2025, 17:16
425
«Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен бейнежазбадан алынған кадр

Ит азаптан босап шыға алмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде қаскөйлер итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануардың азаппен өлгеніне қарап тұрған. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді. 

Иттің ағашқа асылып тұрған сәтін тұрғындар байқап қалған. Алайда ол кезде тым кеш еді. Полиция куәгерлерден көмек сұрады.

“Мұнда оның ұзақ уақыт бойы азапталғанын көруге болады. Мынаның бәрі шынжырмен жұлынған. Алдымен мұнда бұғалық (буындыратын арнайы жіп) салған, содан кейін осы жерден тартқан. Салдарынан ол асылып, өлген”, – дейді полиция қызметкері.

Итті көше бойындағы өндірістік базалар маңындағы бұталардың арасындағы жерде азаптаған. Ит ағашқа байланған күйі табылған. Иттің өз бетімен босап шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Ит аман қалуға тырысқан. Оны ағаштың жұлынған қабығынан байқауға болады. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиға куәгерлері іздестіріліп жатыр. Жедел топтар жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

“Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігі (Жануарға қатыгездікпен қарау, оның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша Затон полиция бөлімінде тіркелді. Аталған құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Абай облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Талғат Еліков.

Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді Қарағандылық мүгедектігі бар жанды өз туысқаны көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген Нығматулиндердің басына күн туды: Нұрлан Нығматулинның ұлы рейдерлік ісі бойынша тергеліп жатыр Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүруі мүмкін Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады