«Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен

15.04.2025, 17:16
614
«Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен бейнежазбадан алынған кадр

Ит азаптан босап шыға алмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде қаскөйлер итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануардың азаппен өлгеніне қарап тұрған. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді. 

Иттің ағашқа асылып тұрған сәтін тұрғындар байқап қалған. Алайда ол кезде тым кеш еді. Полиция куәгерлерден көмек сұрады.

“Мұнда оның ұзақ уақыт бойы азапталғанын көруге болады. Мынаның бәрі шынжырмен жұлынған. Алдымен мұнда бұғалық (буындыратын арнайы жіп) салған, содан кейін осы жерден тартқан. Салдарынан ол асылып, өлген”, – дейді полиция қызметкері.

Итті көше бойындағы өндірістік базалар маңындағы бұталардың арасындағы жерде азаптаған. Ит ағашқа байланған күйі табылған. Иттің өз бетімен босап шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Ит аман қалуға тырысқан. Оны ағаштың жұлынған қабығынан байқауға болады. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиға куәгерлері іздестіріліп жатыр. Жедел топтар жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

“Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігі (Жануарға қатыгездікпен қарау, оның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша Затон полиция бөлімінде тіркелді. Аталған құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Абай облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Талғат Еліков.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді