Әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесінсіз әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланды

13.03.2023, 09:47
672
Әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесінсіз әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланды el.kz

Ішкі істер министрлігі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атап айтқанда, енді Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады.

«Мерзімді әскери қызмет өткерген және ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей қабылдау жылы 1 маусымға дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі, Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді. Бөлім командирі міндетті арнайы тексеру және әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес, кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады», - делінген құжатта.

Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар 20 шілдеге дейін қажетті құжаттарды тапсырып, түпкілікті медициналық тескерістен өтуі үшін әскери оқу орнына баруы тиіс.

«Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады», - деп көрсетілген бұйрық жобасында.

Әскери оқу орнына түсу үшін Отан алдындағы борышын өтегендердің ҰБТ нәтижесі есепке алынбайды.

Олар мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

- мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);

- ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).

Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады