Нығматулиндердің басына күн туды: Нұрлан Нығматулинның ұлы рейдерлік ісі бойынша тергеліп жатыр
Нұржан Нұрлановтың үстінен полицияға арыздар түскен көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы мониторингі агенттігі Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты істің кейбір мәліметтерін айтты.
Сәуір айының басында БАҚ-та Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергелуі мүмкін деген ақпарат пайда болды. Ішкі істер министрлігі журналистердің сұрауы бойынша «көрсетілген факті бойынша» Алматы полициясы Қылмыстық кодекстің 389-бабы «Өзiнше билiк ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл бап бойынша ең төменгі жаза – 80 АЕК (2025 ж. 314 560 теңге), ең жоғарысы – қылмыстың ауырлығына қарай 3-7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.
Кейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұржан Нұрлановқа қатысты (полицияға) арыздар түскенін, олардың «қазіргі уақытта қаралып жатқанын» хабарлады. Нұрлановтың статусы көрсетілмеген. Осы уақытта БАҚ-та оның күдікті мәртебесі жоқ екендігі туралы ақпарат пайда болды.
Материал авторы