Ақмола облысындағы Купчановка ауылына қазақша атау берілмек
Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты Купчановка ауылының атауы Байтас болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ақмола облысы әкімдігі мен маслихатының бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында Ақмола облысы Бұланды ауданының Қараозеқ ауылдық округіне қарасты Купчановка ауылы Байтас болып өзгертілсін», - делінген шешімде.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, елді мекен атауын өзгерту үшін жергілікті бюджеттен қаржы талап етілмейді.
Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.