Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады

18.04.2025, 12:34
507
Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Polisia.kz

Енді қазақ саяхатшыларының Францияға сапары әлдеқайда жеңілдеуі мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция тарапы Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету рәсіміне қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бұл туралы Парижде Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Бруно Ретайллоның келіссөздері барысында белгілі болды.

Кездесу барысында көші-қонды бақылау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде 2023 жылы қол қойылған реадмиссия туралы келісімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тараптар ақпарат алмасу және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

Сапар барысында министр Лиондағы Интерполдың штаб-пәтерінде де болып, ұйымның Бас хатшысы Юрасио Вальдес Уркизамен кездесті. Талқылау барысында халықаралық іздеу, алаяқтық пен киберқылмыспен күрес, сондай-ақ Интерполдың деректер базасына қол жеткізу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Еске салайық, ЕО-тың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еурокомиссия вице-президенті Каджа Каллас Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жуырда өткен кездесуінде Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру рәсімін жеңілдету туралы келісімді жасау рәсімінің басталғаны туралы хабарлады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды