Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты

18.04.2025, 15:35
2802
Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

«Ұлымның аузынан қан кеткенін көргенде өледі деп ойладым»…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болат қатыгездікпен өлтірілген түні оның анасы Гүлбара сотталушылардың арасында екі қыздың жүргенін анық көрген. Шерзаттың анасы жауап беру барысында екі қыздың төбелес кезінде не істеп жүргенін айтып берді.

“Қыздар дүкеннің маңында болды. Оларға қарап, жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұрадым. Бірақ олар маған қарап тұрды. Ештеңе істеген жоқ. Абзал мен Нұрқияс менің қолымнан ұстап тұрғанда екі қыз маған тас лақтырды. Ол қыздарды көрсем танимын”, – деді Гүлбара Бейшімбаева

Оқиға болған түні сотталушылардан бөлек онда екі қыздың жүргенін бейнекамерадан көруге болады. Алайда олар бүгінде айыпталушылардың қатарында емес. 

“Жолдасым төбелес басталып кеткен кезде жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірақ олар тұтқаны алмады. Басқа үйдегі адамдар шыққан кезде күйеуім көлікті айдап келді. Көлікке бірінші Шерзатты, екінші Нұрғанатты салып Талғардың ауруханасына апардық. Ұлымның аузынан қан кеткенін көргенде өледі деп ойладым. Бірақ сонда да үмітімді үзген жоқпын. Шерзаттың қолындағы білегіндегі пышақпен кесілген жарақаттарды көрдім. Ол жарақаттарды сотталушылардың бәрі салды. Равильдің Нұрғанатқа пышақ салғанын көрдім. Мылтықты кім әкелгенін білмеймін. Бірақ ол Нұрқиястың қолында болды”, – деді Шерзаттың анасы. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды