Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 17:47
6789
Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген жеке мұрағатынан

Қыздың анасы «қызым ештеңе әкелген жоқ» деп айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтөбелік Бота Қаржауова бір күні 6 жасар баласының балабақшадағы қызға өзінің алтын сақинасы сыйға тартылып кеткенін біледі. Алайда келіншек қыздың анасына хабарласқанда сақина туралы білмейтінін айтқан. Әйел әлеуметтік желіде осы жағдайды баяндап, бұған не күлерін, не жыларын білмей, қазақстандықтардан кеңес сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бота Қаржауова өзінің 600 мың теңгелік сақинасының кішкентай қызға баласының сыйлағанын білген кезде сәл абдырап қалған. Келіншектің сөзінше, бұл оның қобдишасындағы ең құнды заты болған.

"Көңіл күйім өте қатты түсіп тұр... Жылағым келіп тұр. Ақтөбеде тұрған кезімізде, бірнеше ай бұрын, 6 жасар ұлым балабақшадағы бір қызға сақина сыйлағанын білдім... Менің жалғыз асыл бұйымым – қобдишада жатқан гауһар тасты сақинам! Балам осы жақтың "олигархы" өзі. Мұны тек кеше білдім. Қыздың анасымен хабарласқанымда ол "сақина бізде жоқ, қызым ештеңе әкелген жоқ" дейді. Бірақ қыздың өзі ашық мойындап отыр. "Иә, Арлан маған сақина сыйлады" деп айтты. Сақинаның құны шамамен 600 мың теңге.  Мұндай жағдайларда не істеуге болады?.. Бұл бір жағынан оғаш, бір жағынан өкінішті жағдай болып тұр. Тіпті күлкілі де сияқты...", – деді ақтөбелік ана.

Оқырмандардың бірі інісінде де дәл осындай жағдай болғанын айтады. Дегенмен бұл оқиғада қыздың анасы сыйлықты қайтарып бергісі келсе де, ұлдың анасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

"Бауырымызбен де осындай қызық оқиға болған еді. Інім де солай, сақина алып, өзіне ұнаған қызға сыйлапты. Шамамен 2-3 сыныпта оқитын кезі. Қыз үйіне барып, анасына сақинаны көрсеткен кезде анасы бірден кім сыйлағанын түсініп қояды. Сосын бауырымның ата-анасына хабарласып, жағдайды айтыпты. Өйткені мұндай сыйлықтар 2-сыныпта берілмейтінін жақсы түсінеді. Ақырында біздің жақ "иә, білеміз" деп, мойындағанымен, әлгі қыздың анасы сонда да сақинаны қабылдаудан бас тартыпты. Міне, осындай адал, жауапкершілігі жоғары ана тап болды бізге", – деп жазды _euphoria_rai есімді желі қолданушысы. 

Бұл оқиғаға басқа әйел сақина жоғалғанын білсеңіз, бірден арыз жазу керек екенін айтады. Әйел қыздың анасы ломбардқа өткізіп жіберуі мүмкін екенін алға тартады. Оқырман, әсіресе, осындай жүрегі жұмсақ балалары бар үйде құнды заттарды қол жетпейтін жерге тығып қою керек екенін ескертеді.

"Енді қайтесіз, бала ғой... Мүмкін, қыздың анасына айтсаңыз, сақинаны іздеп көруге тырысар. Бірақ табылуы екіталай, өйткені кішкентай қыздың қолынан жоғалып кетуі де мүмкін. Жоғалып кетсе, өкінішті, әрине. Бұйыртса, балаңыз есейгенде осы оқиғаны еске түсіріп, "Анашым, міне, саған шын бриллиантпен сақина" деп, өзі сыйлап тұрса, қандай керемет болар еді, иә?" – деп жазды желі қолданушысы.

Тағы бір қазақстандық әйел өзінің сақинасын 2 жылдан кейін унитаздан тауып алғанын айтып күліп алады. Оның ол жаққа қалай түскенін білмейтінін және "бұйырған нәрсе кетпейтінін" айтып берді.

Ал басқалары ақкөңіл баланың қылығына кешіріммен қарап, осы жағдайдан сабақ алу керек екенін айтады.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)