Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
18.04.2025, 19:35
1763
Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді бейнежазбадан алынған кадр

«Бізге біреу «қаш» деді, қашып кеттік» дейді Мирас.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот отырысында Шерзат Полаттың досы Мирас Сейсенбай куәгер ретінде жауап беріп жатыр. 

“Бір ауылда тұрамыз, бұрыннан танимын. Сотталушыларды танымаймын. Оқиға болған күні кешке Ахмет хабарласып, дүкенде Шерзат зат тасуға көмек сұрап шақырып жатқанын айтты. Сыртқа шыққан соң бір еулермен ерегісіп қалғанын жеткізді. Дүкенге барғанда Шерзат болмады. Қаржаубай аға мен Нұрқанат және екі аға болды. Бізге Нұрқанат аға Шерзатқа хабарласыңдар, қол алысып, кешірім сұрап, қайтсын деді. Біз хабарластық. Артынша көлікпен адамдар келді. Біз келгенде Golf болды, кейін Hyundai көлігінен үш адам түсті. Mercedes-тәі артынан үш еркек, екі әйел, алдынан екі адам түсіп, мән-жайды естімей, Ахметті ұрды. Біреуі келіп, Ахметті сен ұрдың ба, дейді. Ахмет, жоқ деді. Сол кезде оның бет тұсынан ұрды. Мені біреуі келіп ұрды. Арыққа құлап кеттім. Олардың қолына қарап, пышақ көрдім. Сосын қашып кеттік”, – дейді куәгер.

Куәгер жанжал басталған соң қашып, кейін қайта келгенін жеткізді. 

“Нақты кім айтқанын білмеймін, “қашыңдар” деген дауыс естідім. Сосын досымды алып қаштым. 15 минуттан соң қайта келдік. Дүкен жанынан Шерзаттың әжесін көрдік. Көп адам тұр. Жердің бәрі қан”, – дейді куәгер. 

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды