Екі мыңға жуық қылмыс ізін суытпай тәулік ішінде ашылды – ІІМ

13.03.2023, 13:25
699
Екі мыңға жуық қылмыс ізін суытпай тәулік ішінде ашылды – ІІМ baq.kz

Өткен аптада Қазақстан аумағында үш мыңға жуық қылмыс жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингісінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2832 қылмыс жасалды, оның 1795-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 49 тонау және 413 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, өткен аптада ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Сенаттың жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтыруларға қатысты заң жобасын ұсынды.

Онда «азаптау» ұғымы нақтыланады және алғаш рет қазақстандық заңнамаға «қатыгездік» анықтамасы енгізіледі.

Түзетулер алты бағытқа байланысты, осы өзгерістер арқылы қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейту жоспарланған.

Осыған байланысты, жаңа түзетулерге орай қатыгездік жасағаны үшін құқық бұзушылық құрамы арнайы енгізіледі.

Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар құрамына «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қысым жасауға қатысты» деген біліктілік белгілері енгізіледі.

Осылайша, қылмыстың ауырлығы артып, бас бостандығынан айыру санкциясы артады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды