«Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО)

19.04.2025, 12:14
820
«Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы

Еліміздің туын халықаралық аренада желбіреткенімді мақтан тұтамын дейді Никита.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танылған маскадағы жігіт армрестлингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанған Никитаға анасы екеуінің еміне және оңалту орталығын ашу үшін қаражат беріп, одан бөлек баспана сыйлады.

«Менің атым Никита, мен 33 жастамын. Қазіргі уақытта бірінші топтағы мүгедекпін. Жалдамалы үйде анаммен бірге тұрамын. Анамның көру қабілеті нашар. Оң көзі 100% көрмейді, сол жақ көзі 30% ғана көреді.

Армрестлингтен төрт дүркін әлем чемпионымын. Төрт жылдан бері елімнің намысын қорғап келемін. Міне, мен осыдан өзімді толығымен таптым. Өзімді осы іске арнадым. Еліміздің туын халықаралық аренада желбіреткенімді мақтан тұтамын.

Мен реабилитолог болып жұмыс істеймін. Мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеймін. Мен үшін бұл – өмірдің мәні», – дейді Никита.

Ол өзінің армандары туралы айта кетті.

«Алдымен анама көмектесемін. Өзімнің оңалту орталығын ашқым келеді. Өзім секілді адамдармен, балалармен жұмыс жасағым келеді.

Мен көз жасымды көрсетпеуге тырысамын. Тіпті мені танитындардың бәрі мен үшін қанша қиын болса да мен жасымды ешқашан көрсетпейтінімді біледі. Жаратушы өте алмайтын сынақ бермейді», – дейді Никита.

«Человек в маске» жігіттің қайтпас қайсарлығы мен ерік-жігеріне тәнті екенін жеткізіп, Никитаға пәтердің кілті, анасы екеуінің еміне қаражат пен оңалту орталығын ашуға қажетті ақшаны ұсынды. Мұны көрген чемпион еріксіз жылап жіберді.

«Алла Тағалаға шүкіршілік етемін, бұл көмек лайықты адамға тиіп жатыр. Бұл қаражатқа анаңызбен бірге емделіп, жеке оңалту орталығын ашасыз, сонымен қатар пәтер иесі атандыңыз», – дейді бетперделі жігіт.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды