1531

Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО)

Ерке Есмахан мен Райм жаңа баспаналарын көрсетті.

Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Райм туған күнін отбасымен жаңа үйде қарсы алды. Бұл туралы оның жұбайы Ерке Есмахан Instagram желісінде айтты.

Раймды жаңа жасымен құттықтаған Ерке: "Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық", - деп жазды.

Сонымен бірге бұл үйде өздері тұрмайтынын, жаңа шаңырақ балаларына арналып сатып алынғанын мәлім етті.

 
Райм жаңа үйінде. Фото
Райм жаңа үйінде. Фото: instagram.com/erke_esmahan/

"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші.

Еске салсақ, қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раймның отбасында жуырда үшінші сәби өмірге келеді. Бұған дейін ерлі-зайыпты тағы да балалы болатынын хабарлаған.

 
Ерке Есмаханның жаңа үйі
Ерке Есмаханның жаңа үйі. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор