Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады

20.04.2025, 11:33
676
Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады бейнежазбадан алынған кадр

Әйелі мен қызын ұрып-соққан еркекті тоқтатпақ болған полицейді қаскөй пышақтап тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда мас отағасы қызы мен зайыбын ұрып-соққан. Ал патрульдік тәртіп сақшылары келгенде пышақ ала жүгіріп, инспекторды жарақаттаған.

19 сәуір күні таңғы сағат 06:30–да Павлодар қаласының 102 қызметіне 15 жастағы қыз бала хабарласып, әкесі анасын ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлаған. Қыз бала атаған мекенжайға полиция капитаны Алмаз Жақыпов пен полиция лейтенанты Төлеген Исинді дереу жіберіледі.

Қызметкерлерді үйдің кіреберісінде хабарласқан қыздың өзі қарсы алды. Ол әкесі өзін ұрып-соққанын, одан соң пәтерде анасын жәбірлеп жатқанын жеткізген. Полицейлер кірген кезде мас күйде болған 40 жастағы ер адам қарсылық көрсетіп, полиция капитаны Алмаз Жақыповтың сол қолының буынына пышақ салған. Полицей жарақат алғанына қарамастан жанжалқор отағасын залалсыздандырып, ұстады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен полицейге медициналық көмек көрсетілген. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұзақы ер адам орташа дәрежеде мас болған. Полицейлерге шабуыл жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) және 109-1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды