«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді

20.04.2025, 12:14
764
«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді SMARTNEWS.KZ иллюстрациясы / CHATGPT нейрожелісі өңдеген

Жасөспірім ұялы телефон мен ақша ұрлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қалалық мектептердің бірінде оқитын тоғызыншы сынып оқушысы заңсыз түрде көлік салонына кіріп, 5 мың теңге мен Samsung Galaxy A23 ұялы телефонын ұрлап кеткен. Көлік иесі келтірілген жалпы шығынды 75 мың теңгеге бағалаған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі жазды.

Айта кету керек, жасөспірім алғаш рет қылмыстық құқықбұзушылық жасап отыр. Ол толық отбасында тәрбиеленіп жатыр, әрі үйінде одан басқа тағы екі бала бар.

Оқушы білім алатын мектептің мәліметінше, ол биыл басқа мектептен ауысып келген, сыныптастарымен араласпайды, сабаққа жиі кешігеді, үлгерімі орташа. Сотта баланың анасы ұлының тәртібі мен оқуын қадағалауға уәде беріп, оны спорт секцияларына жаздырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық шараны қабылдайтынын айтты.

Айыпталушы мен оның заңды өкілі сот залында жәбірленушіден кешірім сұрады. Айтпақшы, келтірілген шығын өтелген, ал жәбірленуші қылмыстық істі тоқтатуға қарсы болмады.

– Кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға қатысты әділеттілік тек жәбірленушілердің заңды мүдделерін қорғауға ғана емес, сонымен қатар қабылданатын шаралар істің мән-жайына, құқықбұзушының жеке басының ерекшеліктеріне, өмір сүру және тәрбиелену жағдайларына барынша дара көзқараспен қарауды қамтамасыз етуі тиіс, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облыстық сотында.

Осылайша, сот жасөспірімге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады