Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО)

21.04.2025, 14:14
2003
Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Әлем чемпионы дүркіретіп тойын өткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еркін күрестен әлем чемпионы, танымал палуан Ризабек Айтмұхан өмірлік серігін тауып, шаңырақ көтерді. Үлкен салтанатты той Астана қаласында өтті.

Бұл қуанышты сәттен бейнежазба жариялаған блогер Иван Червинский Instagram парақшасында әсерімен бөлісті.

«Бүгін әлемнің ең үздік жаттықтырушыларының бірі саналатын Қанат Жолдасбаев, сонымен қатар чемпион ұлын тәрбиелеген ардақты әке ретінде, үлкен той өткізді. Ол ұлы — елге танымал спортшы, ақжарқын әрі зиялы азамат Ризабекті үйлендірді.

Астанада өткен осы мерекелік кешке Қазақстан мен шетелдің спорт саңлақтары да жиналды. Той ерекше әсерлі өтті.

Той иесі – Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылту ауылынан шыққан, еліміздің мақтанышы, еркін күрестен әлем чемпионы атағын алғаш иеленген қазақ балуаны Ризабек Қанатұлы.

Сол себепті мен оның өміріндегі осындай маңызды әрі тарихи сәтке куә болғаныма өте қуаныштымын. Енді оның өміріндегі жауапкершілік те арта түспек. Жас жұбайларға мол бақыт, мықты денсаулық және баянды өмір тілеймін», – деп жазды блогер тойдан түсірілген видеосының сипаттамасында.

Айта кетейік, Ризабек жүрегінің ханшайымы ретінде Фируза есімді гимнаст қызды таңдаған. Қалыңдық – спорттық гимнастикадан спорт шебері.

Еске салсақ, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта топ жарып, ел тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ балуаны атанған болатын.

 

Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады