Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады

21.04.2025, 18:14
1113
Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады furo.kz

Google компаниясының білім бағдарламасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Қазақстанда Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жобаның іске асырылуы Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Google компаниясы арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігі жобаға қолдау көрсетеді.

Жобаның алғашқы кезеңінде еліміздің 16 аймағынан 20 ауыл мектебі экожүйеге қосылады. Ал олардың бесеуі алдағы 3 жылда Google ReferenceSchool мәртебесін алады. Google Reference School оқу кеңестіктерінің цифрлық трансформиясының халықаралық стандарты. 

Жобаға қатысатын әр сынып Google for Education платформасына қол жеткізе алады. Платформа келесі мүмкіндіктерді береді:

Google Classroom, тапсырмалар, оқу процесін ұйымдастыруға арналған технологиялар;
BigQuery және Looker Studio аналитикалық жүйелері;
Gemini AI - тапсырмаларды жасау және мәтінді тексеруге бағытталған жасанды интеллект;
Оқу нәтижесін арттыру үшін құжаттарға, кестелерге, сайттарға, бейнелерге, AppSheet-ке және басқа құралдар.

Сурет: furo.kz

Жоба аясында 200-ден астам мұғалім оқытудан өтіп, Google Educator халықаралық мәртебесіне ие болады: 

«Google for Education ұстаздарды алмастырмайды. Ол оқу процесін автоматтандыруға көмектеседі, оқу контентін құру процесін жеңілдетеді, тапсырмаларды дайындау мен тексеруге уақытты үнемдейді, оқытуды жекелендіреді және білім беру процесінің барлық қатысушыларының цифрлық құзыреттерін кеңейтеді,» - деп атап өтті Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өкілдері

Өрел ауылындағы орта мектеп Google платформасына толыққанды қосылатын алғашқы мектеп. AITAS холдингінің демеушілігімен мектеп арнайы дербес Chromebook форматындағы ноутбуктерімен жабдықталып, Google Workspace-ке қол жеткізеді. Жергілікті атқарушы органдар Интернетке тұрақты қосылуды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бүгінде әлемде 50 миллионнан астам оқушылар мен оқытушылар Chromebook-ті білім беру мазмұнын құру, бірлесіп жұмыс істеу және байланыс орнату үшін пайдаланады. 2021 жылы Chromebook бастауыш және орта мектептегі үздік оқу құралы ретінде танылды.

Аталмыш бағдарлама Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының стратегиялық мақсаттарының бірі – ауыл мен қала оқушылары арасындағы білім деңгейіндегі айырмашылықты азайту бағытындағы маңызды жоба болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды