Отандық Cybernet AI стартабы Microsoft-тың жаһандық бағдарламасына өтті

22.04.2025, 13:31
3099
Отандық Cybernet AI стартабы Microsoft-тың жаһандық бағдарламасына өтті astanahub.com

Microsoft қазақстандық жобаға қолдау көрсетпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Astana Hub резиденті – отандық жасанды интеллект негізіндегі Cybernet AI $350 000 астам көлемде гранттық қолдауға ие болып, Microsoft for Startups халықаралық бағдарламасының қатысушысы атанды. 

«Біз Alchemist Accelerator аясында Microsoft for Startups бағдарламасына қатысуға шақырту алдық. Бұл серіктестік дамуға ықпал ететін гранттарға, сондай-ақ Microsoft ұсынған технологиялық ресурстар мен сараптамалық қолдауға жол ашты. Мұның барлығы өнімдерімізді жедел әзірлеп, корпоративтік клиенттердің талаптарына сай етіп, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Иван Белохвостиков, Cybernet AI негізін тең қалаушы.

Бүгінде Cybernet AI Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет пен АҚШ-та жұмыс істейді, сондай-ақ Ұлыбритания, Түркия, Еуропалық Одақ елдері мен Мексикада пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Стартаптың шешімдері 12 тілді, соның ішінде қазақ, өзбек, орыс, ағылшын, араб және испан тілдерін біледі.

Microsoft for Startups бағдарламасы аясында стартаптарға Azure бұлтты платформасы мен басқа да маңызды құралдар ұсынылады. Қатысушылар техникалық сарапшылардың сүйемелдеуімен жұмыс істейді, саладағы жетекші менторлардан кеңес алады, сондай-ақ халықаралық серіктестік желі мен инвесторларға шығу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама қарқынды оқыту, өнім әзірлеуді жеделдету, нарыққа шығу стратегияларын құру және B2B шешімдерді жаһандық деңгейде ілгерілетуге бағытталған.

Cybernet AI-дың осы бағдарламаға қатысуы қазақстандық стартаптардың технологиялық бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ Орталық Азияда жасалып жатқан инновацияларға жаһандық корпорациялардың қызығушылығының артқанын білдіріп, өңірлік компанияларға жаңа нарықтар мен серіктестік мүмкіндіктерінің есігін ашады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады