«Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
22.04.2025, 18:50
2089
«Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді жеке мұрағаттан

Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туады дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев жұмысының алдында қарулы шабуылға тап болған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдірді.

Айта кетейік, оқиға кеше шамамен сағат 20:30-да әкімдік ғимаратының маңында болған. Шабуыл кезінде әкімнің орынбасары жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталды.

«Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз лудоманиямен уланбасын деп, тіпті Русланға қару кезегендердің ұрпақтары үшін уайымдаған адамға оқ атылуы жанға батады. «Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туады» дегенді қазақ қалай дөп басып айтқан?! Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла тағала жеңілдік берсін. Ел игілігі үшін, әулетінің бағына аман болсын», – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай туралы деректер пайда болды. Онда Жиенбай Берденовты өзін қызметінен босатпақ болғаны үшін кек алу мақсатында атқаны айтылған еді. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды