«Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген»: белгілі заңгер Берденовтің жаралануы туралы

Аиса Махамбет Редактор
23.04.2025, 10:50
9568
«Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген»: белгілі заңгер Берденовтің жаралануы туралы SMARTNEWS.KZ коллажы

Айгүл Орынбек: «Ішіп, шегіп Украинадан қыздар алдырып демалған».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің оққа ұшуына байланысты пікір білдірді.

Заңгер Айгүл Орынбек жағдайдан кейін Шымкенттегі шенеуніктер арасындағы жеңілтектік пен моральдық құндылықтың төмендеуіне назар аударды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында кейбір басшылардың тіпті Украинадан арнайы қыздар алдыртып, көңіл көтергенін нақты білетінін ашық жазды.

«Шымкентте өмір сүру оңай емес, ойныңды осып жібереді

Сайттарда тарап жатқан ақпарат рас болса, сауап болған екен.
Біреудің әйеліне сексуалдық түрде қол жүгірту не масқара?! Жалпы Оңтүстік жаққа келген кейбір әкімдер мен оның орынбасарлары бұл жаққа демалуға келетін сияқты. Ақшаның буына ес жоғалтқанша ішіп, шегіп Украинадан қыздар алдырып демалған әкім қараларды нақты білем!
 
Оқ атқан жігіт Шымкент қаласының әкімдігінде жұмыс істейді екен. Ғабит Сыздықбеков сен өзің басқарып отырған әкімдік ішін реттей алмай отырсың! Бұл оқиғадан кейін Шымкентті игере алмайтының айқындалды. Президент әкімшілік төрағасы Айбек Дәдебай мырза! Шымкентке назар аударыңыз!» – деп жазды Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар, заңгер әкім орынбасарын атқан Ернар жайлы ақпарат жинағанын айтып, оның бұл қадамға бекерден-бекер бармағанын жеткізді.

«Шыққан ақпаратты теріске шығарып, Руслан Берденовты ақтау процесі басталып кеткен сияқты. Жоғарыдан сондай тапсырма түсті-ау! Мен әйелдер мен қыздар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін бұрыннан көтеріп жүрген белсендімін! Жануарлар әлемінде, еркегі бар ұрғашыға , хайуан еркек жоламайды.

Күйеуі бар әйелге қызметте жүріп қырындау ол харассмент деп айтылады. Оқ атқан жігіт МВД академиясын бітірген ақыл есі дұрыс әкімдікте жұмыс істейтін қызметкер. Ернар бұндай қадамға жайдан жай бармайды. Яғни Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген болуы керек. Спортсмен достарының арасында өте сыйлы, жауапкершілігі мол деп мінездеме беріп жатыр достары», – деді заңгер өзінің жазбасында.

Айта кетейік, оқиға 21 сәуір күні кешқұрым, жұмыс күні аяқталар сәтте орын алған. Ресми емес деректерге сүйенсек, әкім орынбасарына оқ атқан күдіктінің мұндай әрекетке баруына қызғаныш себеп болған. Шабуыл әкімдік ғимаратының алдында, аңшы мылтығымен жасалған.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды