Министр Аида Балаева да Дженнифер Лопестің концертіне билет алған

23.04.2025, 12:25
768
Министр Аида Балаева да Дженнифер Лопестің концертіне билет алған SMARTNEWS.KZ коллажы

Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана барамын дейді министр ханым.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамызда өтетін әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Дженнифер Лопес — бүкіл әлемге танылған, өнері мойындалған әнші, сондықтан оның тыңдармандары да сан алуан.

Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана барамын. Өйткені ол әлем мойындаған талант иесі, жанкүйерлері де өте көп. Оны сахнада өз көзімізбен көргім келеді. Концертке билет алып, балаларыммен бірге баруды жоспарлап отырмын, — деді Аида Балаева Үкіметте өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар министр мұндай ірі халықаралық жобалардың Қазақстанның мәдени беделін көтеріп, елді шетелге кеңінен таныта түсетінін атап өтті. Ол Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде де шетелден көптеген қонақтар келгенін еске салып, болашақта Шакира мен Лара Фабиан сынды әлемдік жұлдыздарды Қазақстан сахнасынан көруді қалайтынын жеткізді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды