Шиеліде 42 жастағы келіншектің қолын мұғалім күйеуі балталап тастаған

23.04.2025, 14:16
1067
Шиеліде 42 жастағы келіншектің қолын мұғалім күйеуі балталап тастаған Stock Photo

Жағдайы әлі күнге дейін ауыр күйде дейді дәрігер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында 42 жастағы келіншектің қолын күйеуі балталап тастаған. Бұл туралы Almaty.tv жазды.

Оқыс жағдай Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Жәбірленуші ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал науқасқа шұғыл көмек көрсетуге облыс орталығынан санавиациямен дәрігерлер барған. Олар басынан қатты соққы алған келіншектің өзге де жарақаты барын айтты. Сондықтан мамандар оның денсаулығына қатысты әзірге нақты шешім айта алмай отыр.

 "Науқас ес-түссіз жағдайда. Науқас бірден реанимация бөліміне көтеріліп, медавиация желісі арқылы көпбейінді облыстық ауруханасынан травматолог және нейрохирург дәрігерлерді шақырдық. Жедел түрде науқасқа ота жасалды. Науқастың диагнозы политравма, бас миының ауыр жарақаты, маңдай сүйегінің сынығы, науқастың 2,3,4-саусақтарының ашық сынығы, шынтақ сүйегінің ашық сынығы. Жағдайы әлі күнге дейін ауыр күйіде, реанимация бөлімінде қарқынды емін алуда", – деді Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.

Ал күдікті 20 жылдан бері аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді екен.

"Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, өзге мәліметтер жарияланбайды", – деді Шиелі аудандық полиция бөлімінің бастығы Болатхан Мұқанов.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады