Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып өлтірді

24.04.2025, 09:45
853
Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып өлтірді куәгер ұсынған сурет

6 жасар бала аулада велосипед теуіп жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 сәуір күні елордадағы «Капитал Парк» тұрғын үй кешенінің ауласында, Әл-Фараби көшесінде 38 жастағы жүргізуші велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат “Астана - Что? Где? Когда?" Telegram арнасында тарады. 

“Жүк көлігі тағы да баланы басып кетті. Көлік баланы үйлердің арасындағы жолдбасып өлтірген”, – деп жазды автор.

Қалалық полиция депратаменті болған жағдайды растап, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. 

“Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Әл-Фараби көшесі бойындағы аула аумағында қауіпсіздікке көз жеткізбей, 6 жастағы велосипед теуіп жүрген баланы қағып кетті. Бала бірден ауруханаға жеткізілді”, – деді полиция департаментіндегілер.

Алайда жеткіншек жарақат салдарынан ауруханада көз жұмған.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады