Дауа іздегендерге несие алдырған ақтөбелік емші сот алдында жауап беріп жатыр

24.04.2025, 13:31
1171
Дауа іздегендерге несие алдырған ақтөбелік емші сот алдында жауап беріп жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Жалпы шығын жарты миллиард теңгеге жақындаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде өзін халық емшісі ретінде таныстырған азаматша ем іздеп келген 90 адамға түрлі сылтаумен банктен несие алдыртқан. Алаяқтық әрекеттері үшін оған қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тұрғындардың айтуынша, емші әрбір адамға әртүрлі себеп айтып, сенімдеріне кірген. Бірде қызының еміне ақша қажет екенін айтса, енді бірде мешіт құрылысына немесе бизнесіне қаражат керек деп алдап, банктерден несие алуға көндірген. Алайда кейін ол несиелерді төлемей қойған. Нәтижесінде көптеген адам қаржылық қиындыққа тап болып, полицияға арызданған.

Мемлекеттік айыптаушы Гүлназым Әлиеваның айтуынша, күдікті саналы түрде, пайдакүнемдік мақсатта алаяқтық әрекеттерге барған.

«Өзіне ем алуға келген адамдардың сеніміне кіріп, әртүрлі банктерден несие алдыртып, ақшаны екі ай ішінде қайтарамын деп уәде берген. Бұл уәдесін орындамай, алаяқтық жолмен азаматтардың мүлкін иемденіп, ауыр дәрежелі қылмыс жасаған», – деді прокурор.

Іс материалдары бойынша, жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асқан. Зардап шеккендердің бірі – Анар Ержанова есімді азаматша. Ол емшінің сөзіне сеніп, 5 миллион теңгеге несие рәсімдеген.

«1 миллионды Kaspi банктен, қалғанын Еуразия банкінен алдым. Kaspi-ді әрең жауып болдым. Қазір Еуразияға 3 миллион қарызым қалды. Менің жалғыз талабым – мойнымдағы кредитті жапсын», – дейді ол.

Қазір бұл іс Ақтөбедегі сотта қаралып жатыр. Емші өз кінәсін мойындамаған.

 

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды