Күйеуінің көңілдесімен болғанын жасырын түсіріп алған әйел бейнежазбаны желіге салып жіберген

Аиса Махамбет Редактор
24.04.2025, 16:13
3609
Күйеуінің көңілдесімен болғанын жасырын түсіріп алған әйел бейнежазбаны желіге салып жіберген Getty Images / Arisara_Tongdonnoi

Әйелдің бұл әрекетіне еркектің көңілдесі шағымданып, оны сотқа берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайда әйел күйеуінің көңілдесімен болған сәтін жасырын түсіріп, желіге жүктеген.

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұратын әйел күйеуінің өзге әйелмен болған интим сәттерін жасырын камера арқылы түсіріп, видеоларын әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл туралы South China Morning Post басылымы мәлімдеді.

Оқиға 2023 жылдың тамыз айында басталған. Ван есімді әйел өз сүйіктісімен жиі кездесетін үйде жасырын камера орнатылғанын байқап қалған. Көп ұзамай белгілі болғандай, бұл құрылғыны ер адамның әйелі — Ли есімді келіншек туыстарының көмегімен орнатқан.

Ли әлеуметтік желілерге күйеуінің опасыздығын әшкерелейтін бейнежазбаларды жүктеп, астына түрлі пікірлер қалдыра бастаған. Бұл роликтер желіде кең тарап, жұртшылықтың назарын аударды.

Алғашында Ван полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары Ли-ге бейнематериалдарды өшіруді сұрағанымен, ол бас тартқан. Содан кейін Ван сотқа арыз түсіріп, Ли-ден бейнелерді жоюды және жеке өмірге қол сұққаны үшін өтемақы төлеуді талап еткен. Алайда сот барысында Ли бұл үйді күйеуі жалдағанын және камераны орнату себебі – баласының қауіпсіздігіне алаңдаушылық болғанын алға тартты.

2024 жылдың сәуірінде сот Ли-дің әрекеті Ванның жеке өмір құқығын бұзғанын мойындап, барлық интим жазбаларды өшіру туралы шешім шығарды. Дегенмен, Ванның өтемақы талаптары қанағаттандырылмады. Соттың пікірінше, ол да ар-ожданға қайшы әрекет етіп, үйлі-баранды ер адаммен қарым-қатынасқа әдейі барған.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды