Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды

25.04.2025, 11:33
851
Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды manisahaberleri.com

Ол болған жағдайды көтере алмай, жүрегі тоқтап қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ыстамбұлда болған жер сілкінісі кезінде өзбекстандық азамат қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне қатты стресс салдарынан болған жүрек талмасы себеп болған. Бұл туралы Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы хабарлады.

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні тіркелген. Сол күні Түркияның ірі мегаполисі Ыстамбұлда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болып, жүзден аса адам түрлі жарақат алды. Көпшілік үрейден терезе мен балкондардан секіріп, жарақаттанған.

Қаза тапқан азамат жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында болған. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты қорқыныштан кейін өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Дәрігерлер оның жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғанын анықтады.

Қазір марқұмның денесін елге жеткізу үшін Бас консулдық тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды жүргізіп жатыр.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді