Балаларды азаптаған 12 ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

26.04.2025, 13:31
834
Балаларды азаптаған 12 ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды Түркістан облысы полиция департаменті

Тіпті көшелерде мас күйінде жүрген 229 бала ұсталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында елімізде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ол балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеуге бағытталған.

Іс-шара басталғалы полицияға 13 мыңға жуық жасөспірім жеткізілді, оның ішінде: қылмыс жасағаны үшін 70-тен астам; әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін тоғыз мыңнан астам; қараусыз және панасыз қалған үш мың.

— Полиция түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және көшелерде болған 11 мыңнан астам кәмелетке толмағанды анықтап, ата-аналарына тапсырды. Балаларға алкоголь сатудың 148 фактісі тоқтатылды. Көшелерде мас күйінде 229 бала ұсталды. Қабылданған шаралар балаларға қатысты қылмысты болдырмауды көздейді. Ата-аналарға кәмелетке толмағандардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты екенін еске саламыз, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Іс-шара барысында балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін 1600-ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балаларға қатыгездік көрсеткені үшін 12 ата-анаға қылмыстық іс қозғалды. Жастардың құқықтық санасына ықпал ету мақсатында білім беру ұйымдарында 10 ашық сот отырысы өткізілді. Қоғамға жат мінез-құлқы бар 600-ден астам жасөспірім және бала тәрбиесімен айналыспайтын 500-ден астам ата-ана анықталып, есепке қойылды.

Жасөспірімдерден 50-ге жуық тыйым салынған заттар, оның ішінде екі қару, 39 сұқпалы-кесу заты және алты есірткі заты тәркіленді. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үш мыңнан астам интернет-сайт анықталды. Оның 600-ден астамы бұғатталды. Әкімдіктерге мектеп жанындағы жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша 1300-ден астам нұсқама берілді. Сондай-ақ балалардың бос уақытын ұйымдастыру туралы 200-ден астам өтініш жолданды.

— Құрметті азаматтар! Балалардың бос уақытын өткізуіне ерекше назар аударуды сұраймыз. Оның қайда және кіммен екенін білу қажет. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда дереу «102» нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз. Ішкі істер министрлігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады, — деді Әсет Оспанов.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды