«Дәрігерлер қалай тірі қалғанына таңғалды»: питбуль иттер талаған инженер аман қалды

Азиз Қалижан Редактор
28.04.2025, 13:51
888
«Дәрігерлер қалай тірі қалғанына таңғалды»: питбуль иттер талаған инженер аман қалды туысы ұсынған фото

Қолдары мен ішін ауыр жаралаған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Пермь өңірінде иттер талаған инженер жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

15 сәуір күні 35 жастағы Андрей Б.-ға жұмысқа бара жатқан жолда екі питбуль ит тап беріп, қолдары мен ішінен ауыр жаралаған. Оқиға куәгерлері иттерді таспен, таяқпен үркітуге тырысқанымен, тек бір зауыт жұмысшысы өрт сөндіргіштің көмегімен оларды ажыратқан. Инженер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, үш сағатқа созылған ота жасалды. Оның сол қолы қатты зақымданған.

Бір аптадан кейін дәрігерлер Андейді үйіне шығарып жіберді. Алайда оның жағдайы күрт нашарлап, денесінде бөртпелер шығып, 24 сәуірде жедел жәрдеммен қайта ауруханаға жеткізілді. Қан сараптамасы бойынша оның креатинин деңгейі қалыпты мөлшерден 20 есе жоғары болғаны анықталып, дереу жансақтау бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер дереу гемодиализ бастаған.

Виктория күйеуін уақытынан бұрын ауруханадан шығарған дәрігерлердің әрекетіне наразы. Ал Граль ауруханасының мамандары дер кезінде араласып, оның өмірін сақтап қалған. Дәрігерлердің айтуынша, бүйрек қызметінің бұзылуына инфекцияға қарсы қабылдаған антибиотиктер немесе құтыруға қарсы екпе себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккен отбасы иттердің иесімен байланысқан. Ол иттерінің барлық екпелері толық екенін және қажетті құжаттарды тергеушіге тапсырғанын мәлімдеді. Қазір бұл жағдай бойынша жергілікті денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды