Елжан Біртанов QazMed медқызметкерлер кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

14.03.2023, 13:29
448
Елжан Біртанов QazMed медқызметкерлер кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды Kapital.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Экс-министрдің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

«Qazmed» медицина қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіптік одағының қатары артуда. Бүгін ұжымға ҚР Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде кәсіподақ төрағасының жаңа кеңесшісі Елжан Біртанов таныстырылды. «Qazmed» республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиақпар Мәтішев әріптестерін құттықтай отырып, медицина қызметкерлері әлеуметтік-әріптестік қатынастарды дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановқа үлкен үміт артып отырғанын атап өтті», - деп жазды Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында.

Өз кезегінде Елжан Біртанов медицина жұртшылығының мүддесін ілгерілету үшін бар тәжірибесі мен білімін қолданатынын жеткізді.

«Кәсіподақтың рөлі медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауда маңызды. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік әріптестермен бірлесіп біз шешетін мәселелер әлі де бар. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің мәртебесі, мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдауды заңнамалық түрде айқындау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыруды жалғастыруымыз керек. Салалық келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажет», - дейді бұрынғы министр.

Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Атап айтқанда, Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталды.

2022 жылы 28 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты үкім шығарды.

Экс-министр сот шешімімен келіспейтінін айтып, шағым түсіретінін мәлімдеген болатын.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды