17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2025, 12:09
3143
17 жылға сотталған бұрынғы Атырау әкімі Бергей Рысқалиев сакура тамашалап жүр (ВИДЕО) бейнежазбадан

Жемқорлық үшін 17 жылға сотталған Атыраудың экс-әкімінің бейнежазба жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сырттай 17 жылға сотталған, халықаралық іздеуде жүрген Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев әлеуметтік желідегі парақшасында Лондонда гүлдеген сакураны тамашалап жүрген видеосын жариялады.

Бергей Рысқалиев бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатқаны белгілі. Экс-шенеунік шие гүлдерінің астында серуендеп қана қоймай, Лондонның орталығында ара-тұра көзге түседі. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның Burberry дүкенінің алдында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен түскен суреті тараған еді. Мусин де Черногория азаматтығын алып, Еуропаға қоныс аударған.

Еске салайық, Бергей Рысқалиев 2006 жылдан 2012 жылға дейін Атырау қаласының және Атырау облысының әкімі болып қызмет атқарды. Түрлі дау-жанжалдан кейін ол қызметінен кетті. Атап айтқанда, ол жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Тергеу ісі шамамен бес жылға созылды. 2019 жылы Қазақстан соты Рысқалиевті сырттай 17 жылға соттады, ал оның ағасы Аманжан Рысқалиевті 16 жылға соттады.

Алайда 2020 жылы бұған дейін тәркіленген мүліктің бір бөлігі Рысқалиевтер отбасына қайтарылғаны белгілі болды. Бас прокуратура бұл шешіммен келіспей, кассациялық шағым түсірді. Жоғарғы сот бұл мәселеде тез әрі шешімді түрде прокуратураның талаптарын қолдады.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті