Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2025, 12:48
630
Ақтауда далаға кір жайған тұрғын жазаланды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Тұрғын жуылған кірлерін далаға жайып қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау полицейлері қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға шақырып, киім мен төсек-жаймаларды үй ішінде кептіруге кеңес берді.

Оқиға 32Б шағын ауданында болған. Мұнда бір тұрғын өз үйінің алдында жуылған кірлерін далаға жайып қойған. Бұл әрекетті учаскелік инспекторлар қаланы абаттандыру ережелерін бұзу деп танып, әкімшілік хаттама толтырды.

Тұрғын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 505-бабы («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдарды жою және бүлдіру») бойынша жауапқа тартылды. Бұл бап бойынша:

— Жеке тұлғаларға — 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге),

— Шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 30 АЕК (117 960 теңге),

— Орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 40 АЕК (157 280 теңге),

— Ірі кәсіпкерлерге — 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе ескерту қарастырылған.

Айта кетейік, Ақтауда көшеге жайылған кір мәселесі 2022 жылы да қызу талқыға түскен еді. Қала тұрғындары арасында «шығыс самалында желбіреген ішкиім» тақырыбы біраз уақыт әлеуметтік желілерді дүрліктірген болатын.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті