«Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды

Азиз Қалижан Редактор
29.04.2025, 14:32
922
«Маникюрден шыққан»: теміржол станциясының маңынан зейнеткердің мәйіті табылды әлеуметтік желіден

Құрбысымен кездесуге бара жатқан 63 жастағы кейуананы бәзбіреу өлтіріп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Екатеринбург маңында зейнеткер әйел өлі күйде табылды.

Екатеринбург маңындағы теміржол станциясынан табылған зейнеткердің өлімі жұртты шошытты. Қанды оқиға күні бүгінге дейін беймәлім жұмбақ күйде қалып отыр.

63 жастағы Тамара Грибанованың мәйіті 26 сәуір күні күндіз Чапаевская теміржол станциясынан табылған. Артемовск қаласының тұрғыны сол күні таңертең маникюр жасатуға Свердлов облысының орталығына келген. Сән салонынан кейін ол Белояр ауданына қарасты Кочневское ауылындағы құрбысының туған күніне бармақ болған. Бірақ сол жол — соңғы сапары болды.

Марқұмның денесінде бес пышақ жарасы анықталған. Алайда тергеушілер бұл қылмысты қарақшылық мақсатта жасалды деген нұсқаны жоққа шығарып отыр: зейнеткердің не әшекей бұйымдары, не ұялы телефоны, не ақшасы ұрланбаған.

— Оқиға орнын мұқият тексердік. Барлық қажетті үлгілер алынды. Қазір бірқатар сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды.

Тасымал полициясымен бірлесе отырып, қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр — деп мәлімдеді Ресейдің Көлік істері бойынша тергеу комитеті.

Бейресми ақпарат бойынша, бұл қанішерлік тұрмыстық жанжалдан туындауы мүмкін. Қарақшылық немесе басқа материалдық мақсат көзделмегені белгілі. Яғни, өлтірушінің әрекеті – ашулы сәтте жасалған өш алу немесе жеке араздықтың салдары болуы ықтимал.

Тамара Грибанованың үйіне учаскелік полиция қызметкері келгенде ғана туыстары қайғылы жайттан хабардар болған. Артында ұлы, қызы мен немерелері қалды. Тергеу комитеті әзірге ресми түсініктеме бермей отыр. Қылмыскер әлі ұсталған жоқ.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті