Премьер-Министр Қытайдан жүк тасымалдаудағы кедергілерді жедел жоюды тапсырды

14.03.2023, 14:47
481
Премьер-Министр Қытайдан жүк тасымалдаудағы кедергілерді жедел жоюды тапсырды Smartnews.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері арқылы жүк автокөлік құралдарының өтуін жеделдету жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекетінде коммерциялық жүктерді өткізетін тасымалдаушылардан ұзын-сонар кезек қалыптасқаны атап өтілді. Атап айтқанда, бұған Қытайдың ковидке байланысты қойған көлік шектеулерін алып тастауы тікелей әсер етіп, нәтижесінде арадағы жүк тасымалы ұлғайған еді.

Бұл кезек электронды түрде ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ платформасында Qoldau.kz сайты арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, бірқатар факторға байланысты өткізу бекеті толық күшін пайдаланып жатқан жоқ, тәулігіне 100-ден аспайтын жүк көлігіне қызмет көрсетіледі. Өз кезегінде бұл жабдықтар мен құрамдас бөлшектерге мұқтаж инвестициялық жобаларды іске асыруға кері әсер етеді және жалпы ел экономикасының дамуын тежейді.

Премьер-Министр үш күн мерзімде жасанды кедергілерді жою бойынша нормативтік өзгерістер дайындауды тапсырды, бұл шекарадағы орынсыз кедергілерді жедел жоюға және осылайша тәулігіне мыңға жуық автокөлікті өткізуге мүмкіндік береді.

«Бүгін-ертең осы кедергілердің барлығын алып тастау керек. Егер осы бекет арқылы мың машинаны өткізу қажет болса, оны қамтамасыз ету керек. Бизнес бізден көмек сұрап жатыр. Адамдардың жүктері бекетте тұр, олар шарасыз күйде», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан басқа уәкілетті органдарға осындай кезектің жинақталып қалуына жауаптылар туралы ақпарат ұсыну және шекара бекеттерінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі шараларды пысықтау тапсырылды.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді