Ақтауда қақтығыстан кейін ер адам қаза тапты

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2025, 12:38
631
Ақтауда қақтығыстан кейін ер адам қаза тапты куәгерлерден

Жанжал соңы төбелеске ұласып, бір ер адамның өмірі қиылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудың 26-шағынауданындағы №19 үйдің артында болған қақтығыс қайғылы жағдаймен аяқталды — бір ер адам көз жұмды. Бұл оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиға 28 сәуірде болған. Жанжал соңы төбелеске ұласып, бір ер адамның өмірі қиылды. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен.

Lada.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жүгінді. Ведомство мәліметінше, адам өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Айта кетейік, 26-шағынаудан тұрғындары №19 үйдің артқы аумағында көктем басталғалы бері үй-күйсіз жүргендер мен ішімдікке салынған адамдар жиі жиналатынын алға тартты. Олардың сөзінше, жақын маңдағы дүкеннен алкоголь сатып алған бұл топ кейінірек сол аумақта шу шығарып, бас қосатын болған.

Жергілікті тұрғындар бұл аймақты қауіпті деп санап, биліктен тиісті шара қабылдап, тәртіп орнатуды талап етуде.

«Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда