Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2025, 15:35
1251
Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді бейнежазбадан

Босанғаннан кейін бірден жұмысқа шығып кеттім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс күйеуінің келмегенін айтты. 

Өнер иесі жақында екінші ұлы Ақанды үйлендірген еді. Эстрада жұлдызы журналист Ләйлә Сұлтанқызымен сырласты. 

“Әкесін тойына шақыру немесе шақырмауды ұлымның өзіне қалдырдым. Бірақ ұлым да ақыл тоқтатқан азамат. Әкелерінің жағына онша хабарласқысы келмеді. Үлкен ұлымның да тойына шақырдық. Ол кезде келді. Барлық ағайын-туманың басын қостық. Араласқысы келетін ниетін байқамадым. Қазір біреуге ренжіп, өкпелейтін заман емес. Олармен қас-дұшпандығымыз жоқ. Ұлымның өзі де соны байқаған болуы керек. Негізі, үлкен той алда болады. Бәлкім, соған келіп қалар. Ұлдары бар екені еске түссе, көрерміз”, – деді Ақбота. 

Сондай-ақ әнші балаларының бәрін анасы баққанын жасырмады. Сөзінше, босана салып, жқмысқа шығып кеткен. 

“Ұлдарымды дүниеге әкелгенім болмаса, баққан – анам. Босанғаннан кейін бірден жұмысқа шығып кеттім. Ер-азаматым болмағасын, жауапкершілікті өзім арқаладым. Балаларым үшін үйді де салдым. Ертең біреудің қолына қарамасын деп оқыттым. Өзімнің тағдырым басқаша болды. Әйелдің қолына қараған адам, еркек емес деген ой түйдім. Сол үшін де балаларымды аяқтандыруым керек екенін бірден түсіндім. Үш ер баланы нағыз азамат етіп тәрбиелеу оңай емес”, – деді әнші. 

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты