Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты

30.04.2025, 18:58
1466
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты әлеуметтік желіден

Қоғам белсендісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың талай рет адамдарды құтқарғанын, елге үлгі ерлігін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевты марапатқа ұсынуды өтінді. 

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 желтоқсанында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылған еді. 

«Мені қатты күңіренткен Нұрқанаттың өлімі болды. Осы азамат қайтыс болғанда қатты жыладым. Жаным ауырды. Өзі кеш үйленіп, енді өмірдің қызығын көремін дегенінде дүниеден өтіп кетті. Бүгін осы Нұрқанат туралы сторисіме салған едім. Бұл жігіттің әріптестері тек жақсы пікірлерін жазып жатыр. Өте аңқылдақ, тек күліп жүретін жайдарлы жан деп жатыр. Үнемі елге елпілдеп көмек көрсетіп жүреді екен. Қалжыңқой, ешқашан ешкімге ренжігенін көрген емеспіз деді.Оқырмандарымның хаттарын оқып, тіпті мұңайып кеттім», – деп жазды журналист. 

Одан кейін көзі тірісінде медицина қызметкері болып істегенін де айтып өтті. 

«Естеріңізде ме Алматы қаласының маңында 2021 жылы әскери ұшақ құлап, 4 адам қаза тауып, 2 әскери кісі аман қалған еді. Сол аман қалған екеуіне себепші болған осы фельдшер Нұрқанат Ғайыпбаев екенін бірі білсе, мыңы білмейді. Осы оқиға туралы күндіз Instagram платформасындағы сторисімде бөліскенімде, сол ұшақта қайтыс болған майордың жары марқұм Нұрқанаттың ерлігін жазды. Мені оқып отырған құзырлы орындар болса, аса мән береді деп ойлаймын. Тірісінде ала алмай кеткен марапатын құдай үшін қазір беріңіздер! Марқұмның әруағы тынышталсын!», – деп жазды БАҚ өкілі.

«Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды