«Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын қалай өмірге әкелгенін айтты

Азиз Қалижан Редактор
30.04.2025, 19:43
1660
«Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын  қалай өмірге әкелгенін айтты бейнежазбадан

Өнер иесі баласын өмірге әкелу үшін Құдайға «Операң керек емес, баламды қайтаршы» деп жалынғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы 20 жыл сәби күткенін жасырмады. Бұл туралы өнер иесі «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болып барған сұхбатында айтып берді. 

«20 жыл операның қызығы мен шыжығына батып жүрдім. Бір күні жолдасыммен сөйлесіп, балалы болуға қатысты мәселені талқыладық. Жолдасым «Сенің операңды орындатқызбасам, мен кінәлі секілдімін. Бара ғой. Операңды айтып кел», – деді. Сөйтіп бір кеткенде жарты жыл, үш айға кетіп жүрдім.

Бір уақытта қарасам жасым 40-қа келген. Анам бірде шақырып алып «Болды ғой. Пойыз кетіп бара жатыр. Сен осылай жүресің бе? Қалай баласыз өмір сүресің? Біз алты баланы жеткіздік. Өмір тек сахна, өнер емес, ертең сен де қартаясың. Басың ауырып, балтырың сыздайды. Сол кезде саған балаң шай әкеп бермей ме?» деп жақсылап тұрып айтты. Осыдан соң өзім де ойланып қалдым. Келгеннен соң дәрігерге жүгірдік. Салтанат Байқошқароваға көп алғысымды айтамын», – деді әнші. 

Сөзінше, баласы бойға біткенде көп қиындық көріп, тіпті өлім аузынан да қалғанын жасырмады. 

«Баланы көтергеннен кейін армандап жүрген екі театрдан ұсыныс түсті. Баламды ойлап үйде қалу немесе операны таңдау деген екі жол тұрды. Таңертең тұрғанда қан кетіп жатқанын көрдім. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бардым. Ол жақтағы дәрігерлер: «Баланың жүрек соғысын естіп тұрған жоқпыз» деді. Содан креслоны ұстап алып қатты жыладым. Құдайға «Операң да керек емес. Ештеңең де керек емес. Осы баланы берші» дедім. Бір кезде баланың жүрек қағысын естіп, талып қала жаздадым. Сонымен дәрігерлер «Болды, ештеңені ойламаңыз. Бала керек пе, осында жатыңыз», – деді. Сөйтіп 42 жасымда көтеріп, 43 жасымда қызымды тудым», – дейді әнші.

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды