Ардақ Назаров той үшін несие алуға тыйым салып, ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды

01.05.2025, 09:45
2182
Ардақ Назаров той үшін несие алуға тыйым салып, ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды depositphotos.com

Депутат отбасылардың жаппай ажырасуына қатысты пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында отбасылардың жаппай ыдырауына алаңдаушылық білдіріп, нақты ұсыныстарын ұсынды.

Назаров не дейді?

Оның айтуынша, соңғы жылдары ажырасу деңгейінің артуы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп отыр. Мәселен, 2023 жылы 120,8 мың неке тіркелсе, соның үштен бірі — 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған. Бүгінде елде 400 мың әйел мен 60 мың ер адам жалғызбасты ата-ана болып отыр.

Ұсынылған шаралар:

  • Ажырасуға кедергі ретінде мемлекеттік баж енгізу. Яғни, өтініш берер алдында қомақты сома төлеу міндеттелсін.

  • Ажырасқандарға табыс салығын кезең-кезеңімен арттыру.

  • Бітімгершілік кеңестерін жандандыру. Сотқа жетпей тұрып, жұптардың мәселесін имамдар, ақсақалдар мен әйелдер кеңестері қарасын.

  • "Жас отбасы" ұлттық бағдарламасы. Жас отбасыларға үй, балабақша жолдамасы, салық жеңілдігі, жәрдемақы қарастырылуы қажет.

  • Несиесіз той – берекелі отбасы. Қаржылық сауаттылықты арттырып, қарапайым тойға үндейтін ұлттық науқан ұсынылды.

— Ажырасу – жеке мәселе емес. Бұл – ұрпақтың, мемлекеттің мәселесі. Сондықтан бұл мәселеге стратегиялық деңгейде қарауымыз керек, — деді Назаров.

Депутат Үкімет пен Парламенттен бұл ұсыныстарды кешіктірмей іске асыруды сұрады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды