Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді

Азиз Қалижан Редактор
01.05.2025, 11:33
1213
Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Сарбаз ұлты тәжік болса да, қазақ тілі мен тарихын жетік меңгерген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде 6 тілді еркін меңгерген сарбаз Шахбоз Сатыбалдиев қызмет етіп келеді.

Ұлты тәжік болса да, қазақ тілі мен тарихын жетік меңгерген жауынгер әскер қатарына Астана қаласынан шақыртылған.

Шахбоз қазақ, өзбек, тәжік, түрік, кәріс және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Оның айтуынша, әрбір тілді меңгеру арқылы ол сол халықтың мәдениеті мен болмысын тереңірек түсінуге тырысқан.

Әскер қатарында жүріп, бұл қабілетімді одан әрі дамытуға мүмкіндік алдым. Себебі Түркістан қаласына әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келеді. Ал мен қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде шетелдіктерге жиі көмектесіп тұрамын. Бірнеше тіл білгеннің арқасында оларға заң мен ережені түсіндіруде еш қиналмаймын, – дейді қатардағы Ш. Сатыбалдиев.

Жауынгердің ерекше қабілеті мен әскери тәртіпке деген жауапкершілігі ұжым ішінде жоғары бағаланып отыр.

Айта кетейік, 5574 әскери бөлімінің жауынгерлері жыл басынан бері Түркістан қаласында 300-ден астам құқық бұзушыны анықтаған. 

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті