Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан

Азиз Қалижан Редактор
02.05.2025, 10:55
732
Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан бейнежазбадан

Әйел құбандарына мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана беруге уәде берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе алаяқ бірнеше пәтер алып беремін деп 55 адамды алдап соққан. Жәбірленушілердің қатарында алаяқтың туыстары да бар. Бұл туралы КТК арнасының жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

Әйел құбандарына мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана беруге уәде берген. Ол өз қызметі үшін 350 мың теңге алған. Алайда адамдар тек Ақтөбеден емес, Астанадан да пәтерлі боламын деген үмітпен оған миллиондаған ақша берген.

Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленушілер бұған өзінің жақындары мен таныстарын да тартқан. Ол өзінің бірнеше пәтерді бірден алғанын айтып, басқаларға да баспана алуға көмектесетінін жеткізген. Тіпті кейбір адамдарға жаңа салынған тұрғын үйлерді таңдап көруді ұсынған. Алайда олардың ешбірі не үйінің кілтін алмаған, не ақшасын қайтара алмаған.

Алданған бір топ жәбірленуші мұның рас-өтірігіне көз жеткізбеген, тіпті әйелден күмәнданбаған. Өйткені алаяқ кейбір жәбірленушілерге туыс болып келеді. 

“Мен Батыс-2 ауданынан үш бөлмелі пәтерге келісіп едім. Ол маған сыйақы ретінде бір миллион сегіз жүз мың теңге бересің деді. Біраз уақыт өткен соң, ол маған Сити ауданынан тағы бір пәтер алып бере алатынын айтты. Мен тағы да 500 мың теңге бердім. Ол тіпті Астанадан да пәтер алып бере алатынын айтты. Ол әйел маған туыс болып келеді. Ол – менің әпкемнің туған қайынсіңлісі”, – дейді жәбірленуші Сәкенай Аленова.

Енді 55 жәбірленуші сот арқылы миллиондаған ақшаның қайда кеткенін анықтауға тырысып жатыр. Олар бұл әйелдің белгісіз сыбайластары бар деп есептейді.

«№35 көлігім»: Айнұр Тұрсынбаеваның туған күніне бауырлары көлік мінгізді (ВИДЕО) «Балаларыма пәтерімді тастап кеттім»: Жігер Ауыпбаев неге пранк жасағанын айтты Кәсіп пен табыстың жарқын өкілдері: 100 үздік студент Мопедте отырған курьерді еркектер ұрып тастаған (ВИДЕО) Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО) «Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО) Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған Енді шенеуніктер қол астындағыларға айқайлауына болмайды Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды Нью-Йорктегі еврей қауымдастығы қазақ халқына алғыс білдірді АҚШ пен Қытай «Сауда соғысына» байланысты келіссөз бастауы мүмкін Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті Болашақ – бүгін: Visa ЖИ негізіндегі жаңа сауда дәуірінің басталғанын хабарлайды Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады «Бүгін бұршақ жауады»: «Қазгидромет» күн райы болжамын жариялады «Лифтіні сындырған»: Астанада екі ер адам лифтіде бір-бірін сүйген (ВИДЕО)