Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған

Азиз Қалижан Редактор
02.05.2025, 13:31
812
Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған instagram.com/gulmir_ktk

1 жарым жасар қыз бала ауыр дене жарақатын алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында бір жарым жасар қыз бала ауыр дене жарақатын алды.

Жәбірленушінің анасы журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында баласын балабақшадан алып кеткен кезде бетінің ғана тістелгенін айтқан тәрбиешілер арқасындағы іздер туралы ескертпегенін жеткізді. Ана үйіне келгенде ғана сәбидің денесінің сау жері қалмағанын байқаған.

Бұл оқиға бүлдіршін балабақшаға барған екінші күні болған. Қатты қорқып қалған бала бірнеше күн ұйықтай алмай, ауырсынудан жылап шыққан.

Камераны көрсетпей отыр, бақшада ешкім жедел-жәрдем шақырмаған. Тәрбиешілер жай ғана баланы ата-анасына табыстап, «бетін тістеп алыпты» деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым, - деп дейді анасы.

Анасы аудандық полиция бөліміне шағым түсіріп, істің жабылып қалуынан қауіптеніп, журналистен көмек сұраған. Кейін видеоны желіден алып тастауын өтінген. Отбасы көпбалалы әрі әлеуметтік жағдайы төмен.

Оқиғаға байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қызылорда облысының білім басқармасы жағдайды ерекше бақылауға алған. Балабақша тәрбиешісіне қатысты шара қолданылды, ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Тоғанова да бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын және кейінірек нақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.

«№35 көлігім»: Айнұр Тұрсынбаеваның туған күніне бауырлары көлік мінгізді (ВИДЕО) «Балаларыма пәтерімді тастап кеттім»: Жігер Ауыпбаев неге пранк жасағанын айтты Кәсіп пен табыстың жарқын өкілдері: 100 үздік студент Мопедте отырған курьерді еркектер ұрып тастаған (ВИДЕО) Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлықты тарту етті (ВИДЕО) «Соңына дейін барамын»: Нұрболхан Шарапов қан-жоса күйінде көрінді Астаналық жалаңаш ер адам подъезде қыз баланы қорқытқан (ВИДЕО) Орал қаласында доп теуіп жүрік, ток соққан бала көз жұмды Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды Шиелі балабақшасындағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастаған Енді шенеуніктер қол астындағыларға айқайлауына болмайды Грекияда әскери нысандарды суретке түсірді деген күдікпен Ресейлік тыңшы ұсталды Нью-Йорктегі еврей қауымдастығы қазақ халқына алғыс білдірді АҚШ пен Қытай «Сауда соғысына» байланысты келіссөз бастауы мүмкін Ақтөбелік келіншек туыстарын үй алып беремін деп алдап соққан Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті Болашақ – бүгін: Visa ЖИ негізіндегі жаңа сауда дәуірінің басталғанын хабарлайды Трамп 8 мамырды АҚШ-тың соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады «Бүгін бұршақ жауады»: «Қазгидромет» күн райы болжамын жариялады «Лифтіні сындырған»: Астанада екі ер адам лифтіде бір-бірін сүйген (ВИДЕО)