Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды

Азиз Қалижан Редактор
02.05.2025, 13:58
3163
Бір топ жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен оқушының ісін министр бақылауға алды бейнежазбадан

Министр әлеуметтік желідегі сұмдықтан кеш хабардар болғанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желіде жасөспірім бір топ баланы тұрғызып қойып, ұрып жатқан бейнежазбаға қатысты түсінік берді.

- Әдетте жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты әлеуметтік желілердегі жазбаларды тұрақты бақылауға мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан жарияланған арыз-шағымдарды демалыс күндері арнайы қарап шығуға тырысамын. Кейде әлеуметтік желілер арқылы расымен де алаңдаушылық тудыратын мәселелерден хабардар болып жатамыз. Мысалы, Алматы облысы оқушыларының шағымы мені бейжай қалдырмады. Мәселе білім алушылардың құқығы бұзылуы, мектептегі тамақтану жағдайының санитариялық талаптарға сай ұйымдастырылмауы сияқты фактілердің болу ықтималдығына байланысты, - деп жазды желідегі парақшасында Ғани Бейсембаев.

Осы орайда министр жергілікті атқарушы органдардың өз міндеттерін толықтай орындамай отырғанын айтты.

- Бала құқығын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту мақсатында министрлік тарапынан үш негізгі заңнамаға 94 түзету енгізіліп, 2024 жылы тексеруден өткен 342 білім беру ұйымының 24-інде басшылар әкімшілік, 78-і тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, мұндай жағдайлар әлі де кездесіп отыр. Аталған жағдай жеке бақылауымда. Балалардың құқығын қорғау комитеті мен аумақтық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қатысуымен арнайы жұмыс комиссиясын құруды тапсырдым. Комиссия қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті шараны қабылдайды. Алматы облысының басшылығы бұл мәселені шұғыл түрде қолға алып, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін нақты әрі жүйелі іс-шаралар қабылдайды деп сенемін, - дейді ведомство басшысы.

Ғ.Бейсембаевтың айтуынша, әр баланың қауіпсіздігі – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде орындалуы тиіс стратегиялық міндет.

- Балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты бақылауындағы мәселе екенін жергілікті әкімдіктер де жақсы біледі. Тағы да өңірлердегі білім саласының басшыларын осындай маңызды мәселелерге жоғары жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - дейді министр.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді