Кәсіп пен табыстың жарқын өкілдері: 100 үздік студент

02.05.2025, 18:12
2545
Кәсіп пен табыстың жарқын өкілдері: 100 үздік студент

2025 жылғы 30 сәуірде Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған ауқымды шараға еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам дарынды және болашағы зор студент қатысты. Жобаны жүзеге асырушы – «Talap» КеАҚ.

Конкурстың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және Қазақстан экономикасы үшін кадрлық резерв қалыптастыру.

Жобаның ерекшелігіжүйелі тәсілінде. Бұл жай ғана жарыс емес, студенттерді, бизнесті және мемлекетті біріктіретін, сұранысқа ие жаңа буын мамандарын қолдауға арналған тұғырнама.

Тағдырды өзгертетін конкурс

Бірінші іріктеу кезеңіне еліміздің 512 колледжінен шамамен 2600 студентқатысты. Аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша 809 студент келесі кезеңге өтті, ал 100 үздік республикалық деңгейде жеңімпаз деп танылды. Қатысушылар кадрлар даярлаудың негізгі бағыттары бойынша бақ сынады: сервис, ақпараттық технологиялар және агроөнеркәсіп. Бұл конкурс білім мен дағдыны бағалау ғана емес, сонымен қатар жас маманның табысты мансабына бастар жол болды.

Болашаққа бастар көпір

Жеңімпаздар бірқатар бірегей мүмкіндіктерге ие болды: ірі өңірлік компаниялар мен шағын және орта бизнес тарапынан жұмысқа орналасу ұсыныстары; стартаптарды дамыту және тұлғалық өсу бойынша тренингтерге қатысу; өңір әкімдіктері гранты есебінен ЖОО-да оқуын жалғастыру мүмкіндігі (қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде); үздік студенттер жайлы имидждік электронды журналда жариялану.

Бизнес - кәсіптік білімнің басты серіктесі

«Бүгінде бизнес өндірістік процеске бірден кірісуге дайын құзыретті мамандарға мұқтаж. “ҚР 100 үздік студент” конкурсы колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді әріптестіктің жарқын мысалына айналды», - дейді «Talap» КеАҚ басшысы Санжар Татибеков.

Конкурс қазақстандық колледждердің жоғары деңгейде маман дайындай алатынын көрсетті. Жеңімпаздар қазірдің өзінде «Allur» («СарыарқаАвтоПром»), «Qarmet» , Rixos және Wyndham Garden Astana қонақүйлері, «Казцинк» және басқа да компаниялардан нақты жұмыс ұсыныстарын алды.

«Жұмысшы мамандықтар - жасыл болашақ үшін!»

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан»республикалық экологиялық акциясына қолдау көрсетті. Бүгін «ҚР колледждерінің 100 үздік студентіне» қатысушылар азаматтық жауапкершіліктің белгісі ретінде «Бірлік және келісім» саябағында ағаш отырғызды.

Ойлау, бизнес және болашақ: 100 үздікке арналған тренингтер

«100 үздік студент» жобасы аясында студенттер тек марапатталып қана қоймай, тұлғалық және кәсіби даму тренингтеріне де қатысты. Бұл шеберлік сабақтары олардың болашағына салынған маңызды инвестиция болды, яғни:

1. «Ойлау құралдары – табыстың шарты ретінде» тренингі:

Тренингтің мақсаты – студенттердің креативті, логикалық және сындарлы ойлау дағдыларын дамыту. Спикерлер қатарында отандық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар болды:Мадеев Сабыржан – білім беру жүйесіндегі бағалау бойынша сарапшы, мотивациялық тренер, PhD. Ол жастарға сенімділік, мақсат қою және ішкі мотивацияны арттырудың маңызын түсіндірді. Гин Анатолий – ТРИЗ мастері, жасанды интеллект саласының сарапшысы, креативті ойлау мен педагогикалық техникалар жөніндегі оқулықтардың авторы. Ол қатысушылармен бірге болашақ маманға қажетті «ойлау алгоритмдерін» талдады. Кудайбергенов Куандык Чингизович – тарихшы, әдіскер, World Book of Records рекорд кітабының бас офицері. Өз сөзінде ол тарихи тұлғалардың табысқа жету жолындағы ойлау ерекшеліктерін талдап, жастарды ғылым мен әдістемелік ойлау мәдениетіне баулыды.

2. «Өз ісін ашу үшін өз бизнес-стартаптарын дамыту» тренингі:

Кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттерге арналған бұл тренингтеАйбеков Елдос – «ТжКБ жүйесіне арналған бизнес және кәсіпкерлік негіздері» оқу құралының авторы – студенттерге стартап құру жолдарын, бизнес идеяны жүзеге асыру және нарыққа шығу стратегияларын түсіндірді. Практикалық кейстер мен қаржылық модельдеу арқылы қатысушылар алғашқы бизнес жоспарын дайындады.

3. «Халықаралық микросертификация – мансапқа бастар қадамың!»:

Бұл тренингте Жумагулов Берик, Certiport Pearson VUE (Ұлыритания)компаниясының жобалық менеджері, студенттерге халықаралық IT және бизнес саласындағы микросертификаттардың маңызын түсіндірді. Ол осы сертификациялардың еңбек нарығындағы беделі мен мансаптық мүмкіндіктер туралы айтты. Студенттер нақты сертификаттау бағыттарымен танысып, алдағы уақытта оларды қалай алуға болатынын білді.

Бұл тренингтер тек білім беріп қоймай, жастардың ойлау көкжиегін кеңейтіп, іскерлік пен мансаптық бағыт-бағдарын нақтылауға көмектесті. Бұл жоба арқылы елдің үздік студенттері өз әлеуетін ашып, болашақ табыс жолында алғашқы сенімді қадамдарын жасады.

«ҚР колледждерінің 100 үздік студенті» - бұл жай ғана конкурс емес

Бұл – кәсіби білім берудің маңыздылығын мойындау, еңбек пен білімге негізделген талант тек студенттің ғана емес, тұтас елдің болашағын өзгертуге қауқарлы екенін дәлелдеу.

Жеңімпаздардың толық тізімі ұйымдастырушылардың ресми ресурстарында жарияланған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады