Жыл сайынғы «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы өтті

03.05.2025, 09:57
917
Жыл сайынғы «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы өтті balgabekov.gallery.photo

«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілінен өтетін шығармашылық байқауы 13 жылдан бері өткізіліп келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қиялы ұшқыр, қаламы жүйрік білімді һəм белсенді шəкірттердің басын біріктірген айтулы «Жарқын болашақ» олимпиадасының ақтық кезеңі 1 мамыр 2025 жылы NURORDA мектеп - лицейінде аралығында олимпиада өтсе, ал 2 мамыр күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында концерттік бағдарламаның сүйемелдеуімен жабылу, яғни жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

Айта кетейік, «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілінен өтетін шығармашылық байқауы ел көлемінде өткізіліп келе жатқанына биыл 13 жыл.

Елдің əр аймағында өткен білім бəйгесінен биыл 7000 жуық оқушы қатысты. Оның 2 мыңға жуығы – этнос өкілдері. Қара үзіп шыққан 188 үздіктер ақтық сайыста бақ сынады. Оның 2 мыңға жуығы – этнос өкілдері. 

Олимпиадада ең жоғары нəтиже көрсеткен барлық 11-сыныптың оқушыларына еліміздің үздік жоғары оқу орындарына əр түрлі мамандықтарға білім гранттарын ұсынды. Орын алған оқушылардың барлығына бағалы сыйлықтар берілді.

Қазіргі таңда «Жарқын болашақ» жеңімпаздарының ЖОО білім гранттарымен оқыған жастардың ішінде танымал журналистер, филолог мамандар шықты. 

«Жарқын болашақ» – алғаш жалауын көтергеннен бастап білім бəйгесі сан мыңдаған талапты жастың шамшырағын жақты. Олимпиаданы өткізудегі басты ұстаным – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мəдени, əдеби жəне рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мəдени дүниетанымын дамытуды мақсат тұттық. Биік мақсат, зор үмітті арқалаған жас өрендер еліміздің жəне алпауыт мемлекеттердегі маңдайалды жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, ел абыройын асқақтатып жүр. 

Жоба Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің қолдауымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ» жəне «Дарын» РҒПО мұрындық болуымен өткізіліп отыр. «Аватария», «Jakko» жəне «Almatherm» компаниялары Олимпиаданың сəтті өтуіне қолдау көрсеткен. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды