2408

Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды

Жәбірленушінің телефоны арқылы өзіне ақша аудартып алған.

Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды
БҚО ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда полиция қызметкерлері студентті қорқытып ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыс үшін сотты болғаны белгілі болды.

Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді. Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға тап болған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор