Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр

03.05.2025, 12:05
2426
Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр бейнежазбадан

Өртті сөндіруге 101 адам мен 21 техника жұмылдырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Каспий теңізі жағалауындағы қамыс алқаптары екі күннен бері жанып жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2025 жылғы 1 мамыр күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласынан 40 шақырым жердегі Тасқала ауылы маңында қамыстың төрт ошақтан жануы тіркелді. Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен техникалары жіберілді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге барлығы 101 адам мен 21 техника жұмылдырылған: оның ішінде Атырау облысы ТЖД-дан 76 қызметкер мен 12 техника, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты тарапынан 25 адам мен 9 техника тартылған.

Қамыстың қалың әрі биік болуы (2–2,5 м), батпақты жерлер және күшті жел өрт сөндіруді қиындатуда.

«Сағат 18:30 жағдай бойынша шамамен 50 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 400 гектар қамыс өздігінен өшкен. Жалпы өрт аумағы нақтылануда. Қалған ошақтарды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жаудың елді мекендерге тарау қаупі жоқ», – делінген ресми ақпаратта.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды