750

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді
Smartnews.kz
«Кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?!», - деді Бас мүфти БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегін жеткізді.