Тәркіленген көліктерді бәзбіреулер тонаған боп шықты

05.05.2025, 11:06
1277
Тәркіленген көліктерді бәзбіреулер тонаған боп шықты gov.kz

Мемлекет пайдасына тәркіленген машиналар заңсыз жымқырылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын мүліктердің заңсыз жымқырылу және жасырылу фактілері анықталды.

Прокуратура жүргізген тексеру барысында айып тұрағында сақтаулы тұрған «Volvo FH» маркалы жүк көлігінің бөлшектеліп, ұрланғаны белгілі болды. Бұл көлік әкімшілік іс аясында тәркіленіп, жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын мүлік ретінде мемлекет кірісіне өтуі тиіс болатын.

Алайда, тиісті бақылаудың жоқтығынан немесе немқұрайлылықтан оны сақтау кезінде заң бұзушылыққа жол берілген.

Бұдан бөлек, тәркіленуге жататын тағы бір құнды мүлік — шамамен 8 миллион теңге тұратын «Mercedes E350» маркалы автокөлік те мемлекет пайдасына өндірілуі керек еді.

Аталған көлік қылмыстық іс шеңберінде күдіктінің әкесіне уақытша сақтауға берілген. Алайда соттың тәркілеу туралы шешіміне қарамастан, көлік жасырылып, иесі сақтау міндетін орындаудан бас тартқан.

Бұл деректерге қатысты тиісті материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолданып, енді нақты құқықтық баға беріліп, шешім қабылдануы тиіс. Аталған фактілер мемлекет меншігіндегі мүлікті қорғау жүйесінде бақылау мен тәртіптің әлсіздігін көрсетіп отыр.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды