1337

«Өтірік, екіжүзділік норма»: Дана Нұржігіт депутат Ардақ Назаровты сынап тастады

Ардақ Назаровтың депутаттық сауалына қарсы уәжін айтты.

«Өтірік, екіжүзділік норма»: Дана Нұржігіт депутат Ардақ Назаровты сынап тастады
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Дана Нұржігіт мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың ажырасу мәселесіне қатысты депутаттық сауалына шүйлікті. 

Айта кетейік, Депутат Назаровтың «ажырасқандарға салық салу» туралы ұсынысы қоғамда дау туғызған еді.   

«Ардақ Назаровтың депутаттық сауалын тыңдадым. Несіне таң қаламыз?! Жалпы, қоғамда ажырасқандар туралы пікір осындай. «Кең дүниеге сыя алмаған жамандар, соңғы трендтерге ергендер…» Жалғызбасты әйелдің етегін не ел ашады,не жел ашады. Соны біле тұра өтірік «статусқа», екі жүзді өмірге бара алмайтын өзім тәуекел еттім кезінде! Еш өкінбеймін. Иә,оңай емес! Ұл баланы жалғыз көтеру, әке де, шеше де болу. Бірақ екеуара «мұз» болған жерде балаға қандай махаббат бере аласыз?! Өтірік, екіжүзділік нормаға айналған жерде не жақсылық болады?! Ал физикалық қысым, күнде жанжал бар жерде ше?!», – деп жазды журналист. 

Одан кейін депутат келтірген 400 мың жалғызбасты ана мен 60 мың жалғызбасты әкенің тағдыры — жай ғана статистика емес, терең әлеуметтік зерттеуді талап ететін мәселе екенін алға тартты. 

«Депутат келтірген деректегі 400 мың жалғызбасты ана, 60 мың жалғызбасты әке отбасы институтын түбегейлі әлеуметтік зерттеуден,сараптаудан өткізу керек деген сөз. Соған қарай «Неке және отбасы» кодексін қайта қарау керек деген қызыл белгі бұл! Ал, ажырасқандарға салық салу керек дегені тіпті абсурд! Адамды еркінен тыс қасыңда ұстау, салыққа ұшыраймыз деп ажыраспау ма бұл?!

Ақылға сыймайтын мәжбүрлеу ғой мынау! Адам құқығы қайда қалды сонда, депутат мырза?! Отбасы интитутын дәл осындай радикалды формада «қорғамасаңыз» етті. Бір де бір адам ажырасамын деп үйленбейді. Әр отбасында әртүрлі себеп бар. Кейде бала үшін, кейде жан тыныштығы үшін ажырасу — ең дұрыс шешім», – деді Дана Нұржігіт. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор