Арман Шораев кінәлі деп танылды

14.03.2023, 21:40
657
Арман Шораев кінәлі деп танылды orda.kz

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚХП атынан шағымданған кандидат Нұрия Балтабайқызының арызын қарады.

Сот партия белсендісінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін Арман Шораевты кінәлі деп таныды.

Мәжіліс сайлауына түсуге ниетті белсенді бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Алайда қаулы заңды күшіне енбеген. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейінгі мерзім.

«Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалдырылды» делінген Шораевтың хабарламасында.

Белсенді «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4-3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе дауыс беру күніне екі күн қалғанда бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейтінін атап өтеді. ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, сот актісімен шешім заңды күшіне енгенге дейін адам кінәсіз болып саналады.  2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ.

Шораев сонымен қатар соңғы күндері Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Жүнісбеков Бақытжанның қызметтен кетуін талап еткен. № 2 ИЫҰ төрағасы Жолмағамбетова Айсара бүгін комиссияның бес мүшесінің үшеуі басқа тұлғалармен ауыстырылғаннан кейін төраға қызметінен кетуге және қарапайым мүше болуға мәжбүр болғанын атап өтеді.

– Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалды. Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы  жол бере ме, бермей ме, оны біз алдағы күндері көреміз. Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заң бұзушылықтарға баратынын көрейік, – дейді Шораев.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды