Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды ұрып-соғып, жансақтау бөліміне түсірген

15.03.2023, 09:28
615
Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды ұрып-соғып, жансақтау бөліміне түсірген alau.kz

Алматы облысында 3 жасөспірімнен оңбай таяқ жеген 49 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оқиға тура бір апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 жасөспірім 49 жастағы ер адаммен ерегісіп, артынан оны соққыға жыққан, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Алматы" телеарнасының хабарлауынша, соққы салдарынан зәбір көргеннің түрі адам танымастай өзгерген. 7 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиғанымен, өздігімен ас іше алмайды. Сондықтан дәрігерлер түтікшемен тамақ беріп отыр.

"Бастың, кеуде қуысының жабық жарақаты, мидың соққыға ұшырауы, қабырғаларының сынуы және сол жақ бүйректің зақымдануымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр және бірқалыпты. Жасанды аппаратпен демалады", - деді Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабұлов.

Жергілікті полицейлердің айтуынша, күдіктілер оны ұрған жерінде тастап кеткен. Жақын маңдағылар байқап қалып, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруханаға түскен сәтте болған оқиға полицияға хабарланған. Кейін 3 жасөспірім қолға түскен.

"2006, 2007 және 2008 жылы туған 3 күдікті ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдіғани Ибраимов.

Құзырлы орган өкілдері қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жәбірленуші емін-еркін сөйлей алатындай хәлге келгенде, одан да оқиғаның қалай болғаны сұралады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 күдікті кәмелет жасына толмауына байланысты сотқа дейін үйіне жіберілген. Егер олар кінәлі деп танылса, жазасын өтейді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды